Жануарлар сотталып жатыр...
Жануарлар сотталып жатыр...
5 жыл бұрын 2010 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Францияның солтүстігінде орын тепкен елді-мекендер полициясы мен басшылығы, міне, бір айдан асты, жергілікті тұрғындардың арыз-шағымын қарап жатыр. Олар бақшадағы бақалардың шұрылынан мазасы қашқандықтан жергілікті атқамінерлерге талап қойып отыр. Voix du Nord  мерзімді басылымы таратқан хабарға қарағанда, аталған елдің Па-де-Кале департаментіне қарасты Аррас қаласындағы жер телімінің қожайыны Марк Дерво бақалардың бақшада көктем мезгілінде пайда болып, шағылысу маусымында ұлардай шулап, көршілерінің мазасын алғанын жеткізді. Қос құрлықты мекендеушілер шағылысу маусымынан соң тыныштылатынын айтып, полиция қызметкерлерін шығарып салған болатын. Бақша иесі. Алайда, іс жабылмапты. Кейін тағы үш полиция, қала басшысының орынбасарына дейін бақша қожайынына келіп кетті. Бақалар ісі бойынша. Осы жазда Францияда жануарлардың үстінен шағымданушылар қарасы көбейген. Соттан сотқа сүйреген әуресі жетіп артылады. Маусым айының орта шенінде Уаза департаментінде Коко деп аталатын әтеш қожайынына әтеші шақырып, көршілерді оятқаны үшін 500 еуро мөлшерінде айыппұл салынды. Қыркүйек айының 5-і күні Морис деп аталатын әтештің ісі қаралады. Шаранта департаментінің сотында.

0 пікір
Мұрағат