Жануарлар әлемі: Телефонға құмар мысық туралы видео
Жануарлар әлемі: Телефонға құмар мысық туралы видео
10 жыл бұрын 5014

Әлеуметтік желіде мысықтың телефон қоңырауына жүгіріп келіп, тұтқаны аударып, сымның ар жағындағы адамға жауап беруге тырысатыны туралы видео жұртшылықтың назарын өзіне аударды. Бірнеше күннің ішінде аталмыш видеоны  мыңнан аса адам тамашалаған екен. Бұл жайында Huffington Post ақпарат көзі хабар таратты. Леа Брантон есімді америкалық тұрғын (Джакс деп ат қойған мысықтың қожайыны) өзіне достары мен таныстарының хабарласа алмай әлекке түсетінін айтып, шағымданған екен. Тұтқаны көтеруін көтергенімен үн қатпайтыны оларды таңқалдырса керек. Тек мысықтың мияулағанын ғана еститіндерін жеткізген. Артынан мысығын аңдап жүріп, оның осындай ұрлығының үстінен түскенде барып, гәптің неде екенін түсініпті. Ол мысығының телефонға деген құмарлығымен қалай күресетінін білмейді. «Бір жағынан, маған мұндай мысық керек – мазамды ала беретін ғаламтор дүкеншілерінің мезі ететін телефон қоңырауынан құтылу үшін»,- деп жауап берді аталмыш видеоны тамашалағандардың бірі  қалжыңдап.

0 пікір
Мұрағат