Жануарлар әлемі: Қолтырауын мен арыстандардың айқасы ғаламторды дүр сілкіндірді (видео)
|
Жақында ғаламторда жабайы жануарлардың өмірі туралы қызықты ролик жарияланды. Кенияда бір турист қолтырауынның үш қаншырмен шайқасқанын таспаға түсіре алды, бұл бейнежазбаны ғаламторда мыңдаған көрермен тамашалап үлгерді.
Видеода жағада жатқан пілдің мүрдесі үшін бірнеше арыстанмен шайқасқа түскен қолтырауын көрсетілген. Айқас небәрі бірнеше минутқа созылған.
Есесіне сол уақыттың ішінде қарсыластар бір-бірлеріне үлкен жарақаттар салып үлгерді. Күшімен де, санымен де асып түсетін қарсыластарынан азықты тартып ала алмағанын түсінгендей, қолтырауын ақыры суға кіріп кетті.
Пәкістандық мұсылман 9 арыстанды асырап отыр
Пәкістанның Мултан қаласының дәулетті тұрғыны Фазал Аббас Маһи 9 арыстанды асырап отыр. Рани деп аталатын асыранды арыстаны жуырда бес күшік тапты. Одан кейін тағы екінші рет күшіктеді. Сонымен оның арыстандарының саны тоғызға жетті. Бұл жайында Al Arabiya ақпарат көзі хабар таратты. Арыстанның күшіктері енесінің сүтімен ғана қоректеніп қоймай, күніне 20 келі ет жейді. Фазал Аббас Маһидің арыстандарға үйір болғанына, дәлірегі, оларды асыраумен айналысқанына бірнеше жылдың жүзі болды. Алдымен ол Раджа деп аталатын арыстанды асырап алған, 2011 жылы Раниді сатып алған. Жыртқыштарды асырауға тиісті орындардан рұқсатын алған. «Жануарлар мен құстарды жақсы көремін. Менің жылқыларым бар, пони мен тауыс құсын да ұстаймын»,- деді ол үнінен мақтаныш лебі есіп.
Мойындары оратылып қалған аққуларға көмек көрсетілді (видео)
Аққулардың мойындары бір-біріне оратылып қалған. Адам даусын естіген олар жағаға қарай жүзіп келген. Құстардың тұсынан өтіп бара жатқан жүргіншілер оларға көмек көрсетті.
Өлген барыспен фотосуретке түскен ер адамның бұл әрекеті жұрттың наразылығын тудырды
Әлдебір ер адамның өлген барыспен фотосуретке түскені ғаламтор пайдаланушыларының наразылығын тудырды. Тұқымы тұздай құрып бара жатқан, сол себепті, Қызыл кітапқа енген сирек кездесетін аңды өлтірген кім? Өлтіріп қана қоймай, оның жансыз денесінің жанында фотосуретке түскені қалай? Міне, ғаламтор пайдаланушылары осындай сауалдарға жауап іздеуде.
Жануарларды қорғаумен айналысатын Snow Leopard Fund қорының директоры Ирина Логинова елімізде, яғни, Қазақстанда шамамен екі жүздей қар барысы қалғанын қынжыла жеткізді. Сондай-ақ, ол мұқтаждықтан барса, бір сәрі, түсінуге болады, алайда, браконерлердің арасында дәулетті адамдардың көптеп кездесетінін де жайып салды. Қызық үшін, терісі үшін осы аңды құртып бітетін болды. Қар барысы Саян-Алтай экологиялық жүйесіне жататын елдерде ғана өсіп-өнеді. Нақтырақ айтқанда, Қазақстанда, Ресей Федерациясында, Моңғолияда және Қытайда ғана бар. Ресейде жүзге жетер-жетпес қар барысы қалған. Оларды аулағандар заңмен қудаланады. Яғни, қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Елімізде қар барысын өлтірген адам үш жылға дейін бас бостандығынан айырылады және аса ірі мөлшерде айыппұл салынады. Жуырда ғана Қытайда қар барысын аулап, қолға түскен екі азамат 8-9 жылға бас бостандықтарынан айырылды.
Ажырамас достарға айналған аю мен ит ғаламторда танымал болды (ВИДЕО)
Қыстың қақаған аязында бірін-бірі қуалап, ойын ойнап жүрген қоңыр аю мен неміс овчаркасы Youtube-те танымал бола бастады.
Циркте өнер көрсететін Тима есімді аю мен оның «жан жолдасы» - неміс овчаркасының цирк әртістерімен бірге саяхатқа шығып жүргендеріне көп жылдың жүзі болды.
Салмағы шамамен тоғыз иттің салмағындай болатын Тима есімді аю циркке 1995 жылы әкелінген болатын.
Бұл ролик Испаниядағы Маройка аралында кезекті гастрольдердің бірінде түсірілді.
«Оның мінезі ерекше: ойнағанды ұнатады және ешқашан ашу шақырып, күш көрсетпейді. Қызғаныш дегенді білмейді, менің итіммен жақын дос. Біз оны қатты жақсы көреміз және мақтан тұтамыз! Ол біздің отбасымыздың бір мүшесі», - дейді Тиманың иесі.