|
Жануарлар әлемі: Кірекей ғаламтор пайдаланушыларын несімен қайран қалдырды (видео)
|
Канадалық фотограф Аарон Смит басы қанық көк түске боялған кірекейді (аюдың ұрғашысын осылай атайды – ред.) таспаға тартып алып, ғаламторға орналастырған екен. Бұл видеоны өз кезегінде 220 мыңнан аса адам тамашалаған. Бұл жайында Huffington Post ақпарат көзі хабар таратты. Басы көк қара аю Үйеңкілер елінің Мишн қаласы маңында таспаға тартылған болып шықты. Фотограф қонжығын ерткен кірекейді Сильвермер көлінің тұсынан өтіп бара жеткен жерінен байқап алған. «Кірекей бояу құйылған банкіге басын тығып алғанға ұқсады»,- деді ол. Фотограф көргенін жануарларды қорғаумен айналысатын жергілікті Mission Animal Control ұйымына хабарлаған екен. Аталмыш ұйымның мамандары да фотографтың бұл болжамымен келісіп отыр. Олар кірекейдің өміріне ешқандай қауіп төніп тұрмағандығын және көп ұзамай бояудың кетіп қалатынын жеткізді.