|
Жануарлар әлемі: Израильдіктер топталып ұшқан қараторғайлардың өнеріне тәнті болды (видео)
|
Құстар түрлі пішіндер жасап, мың бұралып билегендей әсер қалдырады. Әр жылдың қыс мезгілінде бұл елдің аумағынан жарты миллионға жуық құс ұшып өтеді. Олар Шығыс Еуропадан немесе Батыс Азиядан оңтүстікке қарай қоныс аударады. Жергілікті орнитологтардың теориясына сенсек, осындай қимыл арқылы құстар өз жемтігін аулайды және жауынан да қорғана алады. Мәселен бүркіт немесе ителгі сынды жыртқыш құстар өз жемін алдын ала көздеп, соңына түседі. Ал қараторғайлардың топ арасына еніп, үнемі қозғалыста болуы, жыртқышты жаңылыстырып, нысанадан көз жазып қалуына септігін тигізеді екен.
Керіктің сирек түрі төлдеді (видео)
Валенсиядағы биобақта көптен күткен жағдай болды. Мұнда жойылу қаупі төнген керіктердің баринго атты түрі (Ротшильд керігі) төлдеді. 6 жастағы Зора атты керік алғаш рет 2010 жылы төлдеп, дүниеге келген төлі Тумаиды (Tumai) емізбей қойған. Ақыры оны бақ қызметкерлері аяқтандырды. Бірақ, осы жолы туылған төліне деген оның қарым-қатынасы ерекше деседі. Қызметкерлердің айтуынша, Зора мен оның сыңары Джулиус жаңа туылған керікті тым қорғаштай береді екен. Сол себепті қазір керіктер келушілердің көзінен тыс жерге көшірілді. Бүгінде бүкіл әлем бойынша небәрі 670 баринго керігі қалған. Бұл көрсеткішті тым аз деп отырған ғалымдар Валенсиядағы керіктің дүниеге келуі туралы хабарды естігенде қатты қуанды, деп жазады espanarusa.com.