Жануарлар әлемі: Иттер де жақсылықты ұмытпайды
|
«Жас Алаш» республикалық басылымының хабарлауынша, Мексикада Маргарита Суарес деген әйел қаңғыбас иттерге қамқорлық жасайды екен. Тамақ бередi, үстi-басын тазалайды, әңгiмесiн айтады. Жақында Маргарита қайтыс бопты. Бiреу үйретiп қойғандай, жерлеу рәсiмiне өзi қамқор болған иттердiң барлығы келiптi. Әдетте жерлеу бюросына иттердi кiргiзуге рұқсат жоқ. Алайда бюро қызметкерлерi иттердiң марқұмға соңғы рет құрмет көрсетуге келгенiн бiлiп, оларды қуып шықпапты. Қаңғыбас иттер М. Суарес жатқан катафалканың артынан бiразға дейiн жүрiп отырыпты.
Оңтүстік Кореяда жолаушылар кемесі китпен соғысты
Оңтүстік Корея жағалауларында жолаушылар мінген кеме китпен соғысты. Бұл жайында nur.kz сайты Bnews.kz ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып, хабар таратты.
Бортында 161 жолаушысы бар “Коби-3″ кемесі Оңтүстік Кореядағы Пусан портынан Жапонияның Фукуока қаласына бет алған. “Ренхап” ақпараттық агенттігі таратқан мәліметтерге сүйенсек, 16 жолаушы жеңіл жараланған. Оқиға Пусан жағалауынан 25 шақырым қашықтыққа ұзай бергенде болған. Кеменің қозғалтқышы істен шығып, жағалау күзеті қызметкерлері кемені портқа сүйреп алып келеді. Пусан порты әкімшілігіндегілердің айтуынша, кеменің қозғалтқышынан басқа еш жері зақымданбаған.