Жәндіктердің 40 пайызы жойылып кетті, енді тағы үштен бірі қырылады
Жәндіктердің 40 пайызы жойылып кетті, енді тағы үштен бірі қырылады
5 жыл бұрын 3550 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Хельсинкі университеті ғалымдарының жасаған баяндамасында келтірілген дерекке қарағанда, әлем бойынша жәндіктердің 40 пайызы жойылып кеткен. Енді олардың үштен бірі тағы қырылады. Бұл жайында EurekAlert ақпарат көзі хабар таратты. «Жәндіктер толық жойыла қоймас. Алайда, олардың қарасы өте аз болып қалады. Тіпті, өздерінің экологиялық қызметін атқара алмай қалады. Мәселен, жәндіктер өсімдіктерді тозаңдандыру үшін қажет: өсімдікті тозаңдандыратын технологияны адамзат әлі ойлап тапқан жоқ. Бұған қоса, олар зиянкестермен күресіп, өзге тіршілік иелеріне қорек болады. Айналып келгенде жәндіктер адамзаттың тірі қалуы үшін аса маңызды»,- деді аталмыш жоғарғы оқу орнының Luomus табиғи тарих музейінің қызметкері Педро Кардосо. Ғалымдар жәндіктердің жойылу себебіне ауыл шаруашылығын жүргізудің агрессиялық тәсілдері мен тетіктерін жатқызып отыр. Бұдан бөлек, қалалық елді-мекендердің өсуі мен климаттың өзгерісі де, олардың тіршілік ету ортасының тарылуы да жәндіктердің жаппай опат болуына түрткі болуда. Осы орайда ғалымдар әлемнің әр түкпірінен жинаған мәліметтерді сараптай келе жәндіктер популяциясын сақтап қалу үшін мынадай ұсыныстар білдірді: 

-          Пестицидті шектен тыс көп пайдаланбау;

-          Мүк пен қынаны және құлаған ағаштарды құртпау;

-          Табиғатты қорғауға бағытталған іс-шараларға және экологиялық ұйымдар қызметіне барынша қолдау білдіру.

0 пікір
Мұрағат