Жаңа Зеландия тарихта алғашқы болып шылым шегуге заңмен тыйым салды
Жаңа Зеландия тарихта алғашқы болып шылым шегуге заңмен тыйым салды
2 жыл бұрын 1950 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Тиісті заң пакетін аталған ел парламенті осы аптаның басында қабылдады. Бұл тараптағы тыйым 2009 жылдың қаңтар айының 1-нен кейін туған өскелең ұрпақ үшін енгізілген және өмір бойы күшінде болады. Бұл жайында islam.kz порталы IslamNews ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл бағыттағы заң талаптарын бұзғандарға 150 000 доллары (Жаңа Зеландияның төл ақшасы бойынша) немесе шамамен 96 000 доллармөлшерінде  айыппұл салынады. Сондай-ақ, жаңа заңнамаға сәйкес темекі құрамындағы никотиннің мөлшері және темекі сатуға лицензиясы бар бөлшек саудагерлер саны 90%-ға азайтылады. «Жат әдетке тыйым салынуына байланысты ел азаматтары ұзағырақ өмір сүреді, ал денсаулық сақтау жүйесі шылым шегуден туындаған ауруларды емдеу қажеттілігін жою арқылы 5 миллиард долларды үнемдейді, мысалы, көптеген қатерлі ісік түрлері, инфаркт, инсульт және ампутация үшін шығын мөлшері азаяды», - деп мәлімдеді  денсаулық сақтау министрінің көмекшісі Айеша Веррал. Соңғы он жылда шылым шегетін ересек жаңа зеландиялықтардың саны екі есе азайып, 8%-ға жетті, өткен жылы 56 000 адам темекіні тастаған екен.

0 пікір
Мұрағат