|
Жаңа стадионда үш намазхана болады
|
Австралияның Перт қаласында салынатын спорт стадионының жобасында мұсылмандарға арналған үш бірдей құлшылық бөлмесі қарастырылған. Бұл бөлмелерде намаз оқитын орын, кітаптар мен аяқ киімге арналған сөрелер және дәрет алатын орын болады. Тура жолға енді түскен мұсылмандар қауымдастығының президенті Саид Канаватидің айтуынша, бұл шара өз кезегінде мұсылмандарға жағдай жасап қана қоймай, сонымен қатар, жастардың радикалдануының алдын алуға бағытталған. Реті келгенде айта кетейік, аталмыш спорт кешенінің құрылысы 1,4 миллиард долларға бағаланып отыр.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Жапонияда автокөлік енді автотұрағы бар адамдарға ғана сатылады
■
Мұсылман елі вейпке толық тыйым салмақ
■
Ұшатын көлікті енді қарапайым адамдар да сатып ала алады
■
Қазақстанда ислами инвестициялық АІ агенті пайда болады
■
Өсімдік ақуызы артық салмақпен күресуге көмектесіп қоймай, қартаю процесін тежейді