Жаңа қару түрі пайда болды
|
Нидерландының королдік теңіз жаяу әскері (RNLMC) өзге елдердегі әріптестерінен айтарлықтай ерекшеленеді: көп ұзамай оларда арнайы әскери шанамен жабдықталған бөлімше жасақталады. Бұл жайында islam.kz порталы techcult.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Мұндай шанаға қандай қажеттілік бола қойды екен? RNLMC қиын климаттық жағдайда, атап айтқанда, қар жамылып, мұз құрсанған арктикалық аймақта соғысуға керек. Шана пулеметпен жабдықталған. Өзгеше әскери жарақ таяуда Норвегия аумағында өтетін солтүстік саяси-әскери альянстың әскер жаттығу кезінде жұртшылықтың назарына ұсынылады. Соғыс бола қалған жағдайда Нидерландының 2300 сарбаздан тұратын теңіз жаяу әскері НАТО-ның солтүстік қанатын қорғау үшін Ресей шекарасында жұмылдырылады. Ал әскери шаналар негізінен оқ-дәрі, отын, палатка, т.б. керек-жарақты тасымалдайтын көлік құралы ретінде пайдаланылады. Дәлірегі, бұл арада ұзындығы 135, 150 және 170 см болатын, жеке құрам мен құрал-жабдық тасымалдайтын шаналар турасында сөз болып отыр. Ал жетілдірілген түрлері 7,62-мм пулеметпен жабдықталады.