Жаңа Израил мемлекеті құрылуы мүмкін бе?
|
АҚШ конгресінің өкілдер палатасының мүшелігіне кандидат Аллан Левен Палестина мен Израиларасындағы жанжалды шешудің тың жобасын ұсынды. Оның жобасы бойынша Израил билігі 1967 жылы басып алған аймақтарды, атап айтқанда, Синай түбегін, Газа секторын, Иордан өзенінің батыс жағалауын, Құдыстың шығыс бөлігін және Голан жотасын қайтарып беруі тиіс. Есесіне АҚШ-тың Техас штатының аумағында екінші Израил мемлекетін құруды ұсынды. Егер оның бұл ұсынысы қабылданатын болса, АҚШ билігі жөйттерге Мексика шығынағы тұсынан шамамен 2,880 шаршы миль жерді бөліп беруі тиіс. Оның таңдауы Техас штатына бекер түсіп отырған жоқ. Өйткені, Техас штатына қарасты Сан Антонио қаласында «Израил үшін христиан бірлестігі» деп аталатын жөйттердің әлемдегі аса ірі ұйымы бар. Оның үстіне, Техастың климаты Израилдің климатына ұқсас. Әрі Израил мемлекетінің аумағынан 30 есе үлкен.