|
Жаңа дәрі түрлерін ойлап табуда Азия бойынша алда келе жатқан ел белгілі болды
|
McKinsey & Company консалтингтік компания дерегінше, Жапония 2015-2023 жылдар аралығында жаңа дәрі-дәрмек шығаруда Азия құрлғында алдына бірде-бір елді салмаған мемлекет атанған. Жапондардың 24 дәрісі Америка құрама штаттарының азық-түлік және дәрі-дәрмек сапасын қадағалау жөніндегі басқарма тарапынан мақұлданған. Бұл жайында islam.kz порталы Healthcare Asia ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Күншығыс елінің биофармацевтикалық саласы дәрі-дәрмектің құнының барлық тізбегінде белсенділік танытқан - жаңалық ашудан бастап, коммерцияландыруға дейінгі тізбекті түгел қамтитын индустрия қалыптастырған. Бұл процесс өз кезегінде дайын өнімдерді бірден жаһандық нарыққа шығаруға мүмкіндік береді. Аталмыш консалтингтік компания жапондардың фармацевтикалық компанияларының антидене конъюгаттары мен дәрі-дәрмек және нейродегенеративті аурулар сияқты салаларда халықаралық франшизалар құрғанын мәлімдеді. Самурайлар елі, сондай-ақ, жасушалы және гендік ем-домды ерте бастан клиникада қолдануды ұйғарады, соған қарамастан халықаралық нормативтік стандарттарға сәйкес деңгейден көрінген. Бұған қоса, регенеративті медицинаны мақұлдаудың шартты, уақыт жағынан шектелген жолын енгізуде жетістікке жеткен. Мемлекет те фармацевтика секторына мейлінше қолдау көрсетіп келеді. Осылайша арал мемлекеттің биофармацевтикасының экожүйесін қалыптастырған. Жапонияның медициналық зерттеулер мен әзірлемелер жөніндегі агенттігі алты бағыт бойынша (соның ішінде жаңа дәрі-дәрмек өндірісі, регенеративті медицина, т.б.) жылына шамамен 1 млрд доллар қаржыға қыруар іс тындырып келеді. Консалтингтік компания Жапонияның жетекші фармацевтикалық компанияларының әрбір төртінші басшысының халықаралық жұмыс тәжірибесі барын алға тарта келе бұл елдің жаһандық интеграцияланған биофармацевтикалық серіктесі ретіндегі позициясын нығайтатынын атап өтті.