Жан басына шаққанда елімізде қанша дәрігерден келетіні туралы ақпарат жоқ...
Жан басына шаққанда елімізде қанша дәрігерден келетіні туралы ақпарат жоқ...
5 жыл бұрын 1998 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Таяуда жарияланған Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының дерегі бойынша Оңтүстік Кореяда жан басына шаққанда медициналық қызметкерлер санының аз екендігі тіркелген. Бұл жайында Maeil Business Newspaper ақпарат көзі хабар таратты. 2017 жылдың қорытындысы бойынша таңғы шық елінде 1000 тұрғынға 2,3 дәрігерден (шығыс медицинасы бойынша емдейтін дәрігерлерді қоса есептегенде) "айналған". Салыстыру үшін алсақ, бұл көрсеткіш Австрияда 1000 адамға шаққанда 5,2 дәрігерден келген, Германияда - 4,3, Францияда - 3,2, ал АҚШ-та - 2,6. Десе де Жапонияда жан басына шаққанда аурухана төсегінің саны бойынша әлемде көш бастаған (халқының қартаю процесіне байланысты) - 1000 адамға шаққанда 13,1 төсек, бұл көрсеткіш бойынша екінші орында тұрған Оңтүстік Кореяда 1000 адамға шаққанда 12,3 төсектен "айналған", яғни, жан басына шаққандағы дәрігер саны мен науқастар саны арасында жер мен көктей айырмашылық орын алған. Сондай-ақ, Оңтүстік Корея тұрғындарының жан басына шаққанда науқастардың емханаға келуі бойынша әлемде бірінші орынға шыққан - 16,6 көрсеткішпен. Соған қарамастан аталған ел тұрғындарының орташа есеппен алғандағы өмір сүру ұзақтығы 82,7 жасты құрап отыр. Өкініштісі, елімізде мұндай ақпарат жоқтың қасы. Есесіне, жан басына шаққанда қанша тәртіп сақшысы бары туралы ақпарат бар әрі бұл тараптағы "прогрессивті" көрсеткіш елімізді "полицейлік мемлекет" деңгейінде сипаттап берген болатын - осыдан 4 жыл бұрын Қазақстан жан басына шаққандағы полиция қызметкерлерінің саны бойынша әлемдегі алғашқы ондық құрамына кірген болатын. Ресей Федерациясы мен Түркиядан кейінгі орында. 

0 пікір
Мұрағат