Жалғыз қалудан қорқып, әкесінің мәйітін бір ай бойы жанында сақтаған
Жалғыз қалудан қорқып, әкесінің мәйітін бір ай бойы жанында сақтаған
5 жыл бұрын 1891 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Томаға-тұйық өмір сүретін жапондық сотта өз әрекетін жалғыз қалудан қорқатындығымен түсіндірген. «Жедел жәрдемді» шақырса, әкесінің мәйітін алып кететінін айтып ақталды. Қайтыс болған әкесінің мүрдесін жанында бір айдай уақыт сақтаған. Токио қаласының 61 жастағы жұмыссыз тұрғыны ешкіммен араласпай, 91 жастағы әкесінің зейнетақысымен күнкөріп келгені белгілі болды. Бұл жайында South China Morning Post ақпарат көзі хабар таратты. Ол анасы қайтыс болған соң шамамен 40 жыл болы, үйінен шықпай өмір сүрген. Алдымен әкесінің жалақысына ортақтасып, кейін зейнетақысымен күнкөрген. Әкесі осы жылдың шілде айының соңына таман дүние салған екен. Оның мәйітін күн сайын жуып, кіиімін ауыстырып отырған. Иістене бастаған мүрдеге жәндіктерді де жолатпаған. Мүрденің мүңкіген иісі төңіректі алып кеткен соң көршілері полиция шақыртқан екен. Алайда, сотта әкесінің зейнетақысын алу үшін оның мәйітін сақтады, деп айыптап, оны бір жылға шартты түрде бас бостандығынан айырды. Күншығыс елінің әлеуметтік сала қызметкерлерінің келтірген дерегіне қарағанда, ел аумағында 15-39 жас аралығында 540 мыңдай, 40-64 жас аралығындағы 613 мыңға тарта жапон ешкіммен араласпай томаға-тұйық өмір сүреді. Олар жұмыс істемейді, ата-анасының тапқан-таянғанымен өмір сүреді.

Ұқсас жаңалықты қарай отырыңыз:

«Ұзақ жасаудың кері жағы немесе жалғыз өлу (фото)» (сілтемесі: http://islam.kz/kk/news/alem/uzaq-jasaudyn-keri-jagy-nemese-jalgyz-olu-foto-2125#gsc.tab=0

0 пікір
Мұрағат