Жалғыз қалған қарттарды отбасына орналастыру тәжірибесі енгізіліп жатыр
Жалғыз қалған қарттарды отбасына орналастыру тәжірибесі енгізіліп жатыр
5 жыл бұрын 2346 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Ресей Федерациясының еңбек министрлігі жалғыз қалған қарттарды отбасына орналастыру туралы ұсыныс тастады. Бұл жайында орыстардың «Известия» мерзімді басылымы хабар таратты. Аталмыш министрліктің мұндай бастама көтеруіне Ханты-Манси автономды аймағында енгізілген тәжірибе түрткі болған. Аталмыш өңірде жалғыз қалған қарттарды қалаған отбасы өз қамқорлығына алады. Тегін емес, әрине, жалғыз қарттарға қарағаны үшін оларға мемлекет тарапынан ақы төленеді. 10,3 мың рубл мөлшерінде. Қарттардың жағдайын жасауы тиіс. Жалғыз шарты сол. Аталған тәжірибе осыдан жеті жыл бұрын енгізілген екен. Аталған өлкеде. Осы уақыт аралығында 356 қарт бөгде отбасының бір мүшесіндей болып кеткен. Бұл тәжірибе өз кезегінде қарттардың жүріп-тұруы қиындаған кәрілік шағында өзін жалғыз сезінбеуіне, қандай да бір жәрдемге мұқтаж болып қалмауына мүмкіндік береді. РФ статистикалық қызметі келтірген дерекке қарағанда, Ресей Федерациясы аумағында жылдан жылға қарттар саны артып келеді. Халықтың қартаю процесіне байланысты. Дәлірегі, ел тұрғындарының 25,4 пайызын зейнеткерлер құрап отыр. Бүгінгі таңда. 

0 пікір
Мұрағат