Жалған ақпарат таратқан адамға қылмыстық жауапкершілік енгізді
Жалған ақпарат таратқан адамға қылмыстық жауапкершілік енгізді
2 жыл бұрын 1502 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Түрияда бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде жалған ақпарат таратқандарды қылмыстық жауапкершілікке тартатын, яғни, жазалайтын заң жобасы қолданысқа енді. Бұл жайында islam.kz порталы gazeteduvar.com.tr ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Тиісті заң жобасын қазіргі Түркия президенті жетекшілік ететін билік басындағы әділет және даму партиясы парламенттің қарауына енгізген. Аталған құжатта қарастырылған талаптарға сәйкес әлеуметтік желілер мен интернет-сайттардың әкімшілігі құқық қорғау органдарының талабы бойынша «жалған ақпарат таратты» деген күдікке ілінген қолданушылардың жеке деректерін беруге тиіс. Соның негізінде соттар журналистерді де, әлеуметтік желілердің қарапайым қолданушыларын да бас бостандығынан айыру жазасына кесуі мүмкін. Сонымен қатар, егер анонимді аккаунттар жалған мәліметтерді жариялау үшін пайдаланылса, бас бостандығынан айыру мерзімі екі есеге артуы мүмкін. Түркиядағы оппозициялық партиялар аталмыш заң жобасын талқылау кезеңінде өткір сынға алған болатын, өйткені, бұл құжат конституциялық құқықтар мен сөз бостандығын шектейді және цензура енгізеді, оның үстіне, келесі жылы елде өтетін жалпы саяси дода, дәлірегі, сайлау қарсаңында мұндай заңның қабылдануы түрік қоғамын шошытып отыр.

0 пікір
Мұрағат