«Жалақыны өсірмейтін болсаңдар, исламды қабылдаймыз»
«Жалақыны өсірмейтін болсаңдар, исламды қабылдаймыз»
9 жыл бұрын 4487

Үндістанның Уттар-Прадеш штатында ондаған педагог жалақыларын кеміткені үшін тосын мәлімдеме жасады. Олар білім беру саласының басшыларына жалақыларын өсірмеген жағдайда исламды қабылдайтындарын айтып, талап қойды. Нақтырақ айтқанда, хинди, санскрит тілдерінің мұғалімдерінің жалақысын кеміткен болатын. Ал урду тілінің (хинди тіліне ұқсас пәкістандық тіл, алайда, араб қарпімен жазылады) мамандарының жалақысын көтерген болатын. «Біз Нью-Делиде қыркүйек айының 14-і күні шеру өткізбекпіз. Егер біздің жалақымызды көтермесе, исламды қабылдауға бел будық», - деп мәлімдеді педагогтар кәсіподағының өкілі Деш Дипак Дубей. Бұл жайында IslamNews порталыYahoo! News ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып хабар таратты. Оның айтуынша, аталмыш штатта 3000 мұғалім жалақыларын көтермеген жағдайда исламды қабылдамақ. Сөз реті келгенде айта кетейік, бұл елде бұрын да касталық және әлеуметтік-экономикалық кемсітушілік көрген үндістер тобымен тура жолға түскен болатын. 

0 пікір
Мұрағат