Жала жабу мен тіл тигізуге қатысты жазаны жұмсартуға пәрмен берді
Жала жабу мен тіл тигізуге қатысты жазаны жұмсартуға пәрмен берді
5 жыл бұрын 3649 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзеев республиканың ақпарат және бұқаралық коммуникация агенттігіне жала жабу мен тіл тигізу бойынша айыпталған адамды бас бостандығынан айыратын жазаны қолданыстан алуға пәрмен берді. Бұл жайында аталмыш агенттік директоры Кәміл Алламжонов Telegram-дағы өзінің арнасында  мәлім етті. Оның айтуынша, осылайша өзбек басшысы тілшілерді мемлекеттік органдардың асыра сілтейтін заңсыз әрекеттерінен қорғау жүйесін одан ары тереңдетуді көздеп отыр. Аталмыш агенттікке, сонымен қатар, ашық өтетін сот процестеріне тілшілерді қатыстыруды қарастыратын жоғарғы сот шешімінің жобасын әзірлеуді тапсырған. Бұдан бөлек, өзбек президенті барлық деңгейдегі мемлекеттік органдардың ашықтығын арттыруды әрі мемлекеттік қызметкерлердің бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен өзара тығыз қатынасты жұмыс істеуге мүмкіндік беретін тетікті дайындауға пәрмен берген.

0 пікір
Мұрағат