Жай ғана велисопедтің өзінен қыруар табыс тауып отырған ел
|
Түркияның велисопед экспорты бес ай ішінде, дәлірегі, осы жылдың қаңтар-мамыр айларында 93,6 пайызға өскен – өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда. Яғни, түріктер аталған мерзімде велисопед экспортынан 54 млн 813 мың доллар пайда көрген екен. Ал өткен жылдың аталған мерзімінде бұл көрсеткіш 28 млн 310 мың доллардан аспаған болатын. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Егей аймағының экспортшылар одағы келтірген дерекке жөн сілтеген aa.com.tr ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Түркияда құрастырылған велисопедті әлемнің 88 елі сатып алады. Түркияда құрастырылған велисопедтің негізгі импорттаушылары: Финляндия – 9 млн 134 мың доллар; одан кейінгі орынға Франция жайғасқан – 7 млн 655 мың доллар; ал үшінші орыннан Германия көрінген – 7 млн 498 мың доллар. Түркияның велисопед индустриясы қауымдастығының (BİSED) басқарма мүшесі Аныл Шакрактың мәліметі бойынша Түркия өткен жылы Еуропа елдеріне ұзын саны шамамен 390 велисопед пен 60 мың электрмен жүретін велисопед экспорттаған. Ақшаға шаққанда жыл қорытындысы бойынша 92 млн доллар пайда көрген. Жалпы Еуропа елдеріне әлемнің әр түкпірінен өткен жылы 6,8 млн велисопед экспортталған екен. Түркия еуропалық нарықтағы үлесін арттыру бағытында тер төгетін болады. 2018 ылы электрмен жүретін велисопед экспорты 5 мыңнан аспаса, екі жылдан соң, яғни, 2020 жылы бұл көрсеткіш 60 мыңға жеткен. Яғни, электрмен жүретін велисопедке деген сұраныс жылдан жылға артып келеді. Бұл тарапта Түркияның әлеуеті мен мүмкіндігі жоғары.