Жаһандық тұрғын үй нарығы өткен жылы 286 трлн доллардан асты
Жаһандық тұрғын үй нарығы өткен жылы 286 трлн доллардан асты
5 ай бұрын 588 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Savills World Research (штаб пәтері Лондон мегаполисінде орналасқан, жылжымайтын мүлік саласында қызметтер ұсынатын халықаралық компаниялар) жариялаған дерекке сәйкес күллі әлем бойынша жылжымайтын мүліктердің жалпы құны өткен 2024 жылы 286,9 триллион долларға жеткен. Бұл жайында islam.kz порталы Real Estate Asia ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл тараптағы он жетекші нарыққа келетін болсақ, Қытай, АҚШ, Жапония, Германия, Ұлыбритания, Франция, Канада, Австралия, Оңтүстік Корея және Италия тұрғын үйдің жалпы әлемдік құнының 71% -ын құрайды. Қытай бағаның төмендеуі мен жаңа құрылыстың баяулауына байланысты жылдық өсім 5,2% -ға құлдырағанымен (доллармен есептегенде 8% -ға құлдыраған), үлесі 29% -дан асатын ірі нарық болып қалып отыр. Ал Америка құрама штаттарының үлесі 18% 5,1%-ы құрайды. «Тұрғын үй игілігінен адамзаттың көп бөлігі қағылған, яғни, бүкіл жер шары бойынша біркелкі бөлінбеген», - деп айтылған хабарламада. "Еуропа жылжымайтын мүліктің әлемдік құнының төрттен біріне ие, алайда, оның халқының 10% -ы ғана осындай игілікке ие. Әлем халқының небәрі 6% -ы тұратын Солтүстік Америка тұрғын үй құнының 22% -ын құрайды. Керісінше, әлем халқының басым бөлігі тұратын Африка мен Азия тұрғын үй байлығының пропорционалды емес аз үлесіне ие. Бұл теңсіздік экономикасы жылдам дамып келе жатқан, тығыз қоныстанған елдерде тұрғын үй құнының болашақта көп өсетінін көрсетеді. Мысалы, әлемдегі ең тығыз қоныстанған ел Үндістан қазіргі уақытта тұрғын үйдің жалпы құны бойынша тек 16-шы орында.

0 пікір
Мұрағат