Жаһандық соғыс факторлары немесе белгілері - 3-ші ғаламдық соғыс қатері артып келеді
Жаһандық соғыс факторлары немесе белгілері - 3-ші ғаламдық соғыс қатері артып келеді
3 жыл бұрын 4121 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Александр Жилин есімді әскери сарапшы «Украина.ру»  дерек көзіне берген сұхбатында бүгінгі геосаяси ахуалдың үшінші дүниеүзілік соғысқа қарай ойысып бара жатқанын жеткізіпті. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Оның айтуынша, тарихтағы қандай да бір аса ірі қарулы жанжалдар қарсаңындағы жағдайларды шолып шыққан адам бұған көз жеткізе алады – ірі шайқастар алдындағы жағдайлар бір-біріне ұқсас келетінін алға тартып отыр. Оның сөзіне қарағанда, әлемдік деңгейдегі соғыстар өтпелі кезеңдерде орын алған – әлем бір формациядан екіншісіне өтерде болған. Дәлірегі, ескі жүйелер күйреп, ескі міндеттердің маңызы қалмайды, экономикалағы ескі модел болашақтың талаптарына жауап бере алмайды, энергияның өзге көздеріне көшу секілді алғышарттары пісіп-жетілгенде соғыс оты тұтанады. Осылай деген ол жұқпалы індет пандемиясының әлемді «жаңартуы мүмкін» деген ойынан үміт үзгенін жеткізді, олай дейтін себебі, қаржылық немесе экономикалық дағдарысқа түрткі болатын себептердің бірі – қаржылық көпіршік басылып, ескі міндеттемелерден бас тарта ма деген ой орындалмады. Бұл түйткіл соғыспен шешілуі мүмкін екенін жоққа шығармайды. Бүгінде үшінші дүниеүзілік соғыс оты тұтануы мүмкін екі ошақ бар: бірі – Украина сценариі (Ресей мен батыс елдері арасында); екіншісі – Иран мен Израил арасындағы қарулы қақтығыстан басталуы мүмкін. 

0 пікір
Мұрағат