Жаһандық қарыз рекорд орнатты
Жаһандық қарыз рекорд орнатты
1 сағат бұрын 32 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Өткен жылы күллі әлем елдерінің қарызы “күрт көтерілген. Бұған Америка құрама штаттарда, Қытайда және Еуропада инвестицияның артуына байланысты. Бұл жайында islam.kz порталы South China Morning Post ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Жалпы әлемдік қарыз өткен жылы 348 триллион долларғаа дейін өсті, бұл ретте бір жыл ішінде шамамен 29 триллион жаңа қарыз қосылды, деп хабарлады Халықаралық қаржы институты (IIF). Мемлекеттік қарыз мөлшері жалпы өсімнің 10 триллион долларынан астқан, бұл ретте АҚШ, Қытай және еуроаймақ қарызы «Global Debt Monitor» банктік сауда тобы жариялаған соңғы есебіне сәйкес бұл тараптағы өсімнің төрттен үш бөлігін құраған. Жаһандық қарыз мқлшерінің өсуіне энергетикалық қауіпсіздік, климат дағдарысына бейімделу, жасанды зерде технологиясын дамыту, инфрақұрылым секілді факторлар ықпал еткен. IIF-тің соңғы есебі Қытайдың мемлекеттік қарыз деңгейі 2024 жылдың төртінші тоқсанындағы жалпы ішкі өнімнің 88,4 пайызынан 2025 жылдың төртінші тоқсанында 96,8 пайызға дейін өскенін көрсетті. Бұл көрсеткіш АҚШ-тың мемлекеттік қарызы ЖІӨ-нің 119,9 пайызынан 122,8 пайызға дейін өскен деңгейінен төмен күйінде қалып отыр. Ақ үй өкілдері АҚШ тарифтері өсіп келе жатқан қарызды тоқтату үшін жеткілікті кіріс әкеле алмаған. Халықтың меншігіндегі АҚШ-тың федералдық қарызы 2036 жылға қарай тағы 20 пайызға өсіп, ЖІӨ-нің 120 пайызынан астамын құрауы мүмкін. Дональд Трамптың тарифтік саясаты ең алдымен америкалық тұтынушылар мен компанияларының өзіне ауыр соққы болған. Әсіресе, шағын бизнес пен үй шаруашылықтары, жылжымайтын мүлік қатты зардап шегіп отыр. Халықаралық валюта қоры да АҚШ-тың мемлекеттік қарызының өсуі 2026 жылы америкалық және әлемдік экономикаға қауіп төнідерітінін атап өтті. АҚШ мемлекеттік қарызы 2031 жылға дейін ЖІӨ-нің 140 пайызына дейін жетуі мүмкін. Әлемде қарыз деңгейі өткен жылы абсолюттік мәнде  өскенімен, ЖІӨ-ге қатысты қарыз үлесі бесінші жыл қатарынан 308 пайызға дейін төмендеді, деп хабарлады IIF. Алайда, дамушы нарықтарда борыштың ЖІӨ-ге арақатынасы рекордтық жоғары деңгейге жеткен - 235 пайыздан асқан.

0 пікір
Мұрағат