Жаһандық проблеманы еңсеру үшін Үндістанға 12,7 трлн доллар қаржы керек
Жаһандық проблеманы еңсеру үшін Үндістанға 12,7 трлн доллар қаржы керек
1 жыл бұрын 893 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: Anushree Fadnavis / Reuters

Үндістан 2050 жылға дейін атмосфераға бөлетін парникті газдың мөлшерін нөлдік деңгейге дейін түсіруге міндеттеме алған ел. Алайда, бұл міндеттің үддесінен шығу үшін 12,7 трлн доллар инвестиция қажет. Бұл қаражат атмосфераны ластайтын энергетика саласын трансформациялауға кетеді. Бұл жайында islam.kz порталы Bloomberg іскерлік ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дәлірегі, белгіленген мерзімге дейін, яғни, 24 жыл бойы айына 438 млрд доллар қаражаттты қажет етеді. Үндістан билігі өткен жылы атмосфераның ластануымен күреске 17 млрд доллар бөлгенімен бұл қаражат теңізге тамған тамшыдай ғана болмақ. Бүгінде Үндістан әлем бойынша атмосфераны ластау жағынан үшінші орында тұрған ел. Аталған елде атмосфераны ластауда көмірдің үлесі жоғары – 70 пайыз. Көмірді ел экономикасының ауыр өнеркәсібінде (темір қорыту, цемент өндіру, алюминия өндірісі, т.б.) пайдаланады.

0 пікір
Мұрағат