Жаһандық жылынуға байланысты концепциялық жобалардың маңызы артады
Жаһандық жылынуға байланысты концепциялық жобалардың маңызы артады
3 жыл бұрын 1764 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Жаһандық жылыну салдарынан мұздақтардың еруі қарқын алып, әлемдік мұхит деңгейі көтеріліп келеді. Бұл құбылыс теңіз жағалауындағы елдер мен елді-мекендерді су астында қалдыру қатерін арттырып отыр. Бұл жайында islam.kz порталы oceanixcity.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Міне, осындай қауіпке байланысты суда қалқымалы қала салу бастамасы жиі көтерілетін болып жүр. Мұндай бастама көбінесе теңіз жағалауында немесе түбек пен аралда орналасқан елдерде көкейтесті мәселеге айналып барады. Бұл тарапта UN-Habitat, Bjarke Ingels Group, SAMOO (Samsung Group), Oceanix және өзге де компаниялар Оңтүстік Кореяда әлем бойынша алғашқы суда қалқымалы қала салуды көздеп отыр. Негізінде атталмыш жобаға қатысты жоспар 2019 жылы ұсынылған болатын. Таңғы шық елінің Пусан қаласы маңындағы жағалауда қолға алынуы тиіс жоба Oceanix Busan деп аталады. Құрлықпен жалғананатын үш ірі қалқымалы платформаны қамтитын жоба бойынша қоғамдық кеңістік пен тұрғын үйлерден бөлек, ғылыми аймақтар құрылысы жүргізіледі. Бұл жоба 20 аралға дейін ұлғайтылуы мүмкін. Осылайша тарихта тұңғыш рет судағы тұрақты қауымдастық пайда болмақ. Жалпы аумағы 6,3 гектар аумақты қамтитын кеңістікте 12000 тұрғын болмақ. Қалқымалы платформалар құрлықпен жалғайтын көпірлер экологияға зияны жоқ материалдардан салынады, табиғи желдеткіш жүйесі, демалыс орны, шығармашылыққа арналған кеңістік, мейрамханалар, ойын-сауық нысандары, т.б. қамтылады. Қалқымалы қала жаңғыртпалы энергия көздерімен қамтамасыз етіледі. Жоба 2023 жылдан бастап жүзеге асырыла бастайды. Алғашқы құрылысы 2027 жылы аяқталады.

Океанский Пусан

Океанский Пусан

0 пікір
Мұрағат