Жаһандық жылынудан қарттарға қарағанда жастар зардап шегіп жатыр
Жаһандық жылынудан қарттарға қарағанда жастар зардап шегіп жатыр
12 ай бұрын 1289 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Климат дағдарысынан, дәлірегі, аптап ыстықтан жастардың өзі шалғы тиген шөптей - баудай түсіп жатыр. Америка құрама штатындағы Стэнфорд университетінің ғалымдары бұл бағытта арнайы жүргізген зерттеу нәтижесі жарияланды: 1998-1919 жылдар аралағындағы Мекискадағы аптап ыстықпен байланысты барлық өлім-жітімнің 75 %-н 35 жастан төмен адамдар құраған. Бұл жайында islam.kz порталы Science Advances мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Кейбір дерек көздерінде Колумбия жоғарғы оқу орны ғадымдарының мәліметі бойынша 1998-2019 жылдар аралығында Мексикадағы өлім-жітім жоғары температура мен ылғалдылықтың арасындағы ауытқудан орын алған, мәселен, Целсия бойынша температура шамамен 30°С және ылғалдылық деңгейі 50 пайызды құрайтын ыстықтан өлім-жітім көрсеткіші 35 жасқа дейінгі адамдар арасында 50 жастан асқандарға қарағанда шамамен 32 есе көп болып шыққан. Тепсе темір үзетін, қарттарға қарағанда төзімде саналатын жастар арасындағы өлім-жітім аға буынмен салыстырғанда 9 есе көп болған. Целсия бойынша ауа температурасы 35 ℃-тан асқан жағдайда адам денесі немесе организмі ыстық қоршаған ортаға, яғни, айналасына тарату қабілетінен айырыла бастайды. Аптап ыстықтағы ылғалды ауаның әсерінен 2100 жылға қарай жастар арасындағы өлім-жітім 32%-ға артуы мүмкін. Ауаның ылғалдылық деңгейі неғұрлым жоғары болса, адам организімінің өз-өзін салқындату қабілеті соғұрлым төмендейді.

0 пікір
Мұрағат