Жаһандық жылынудан аллергия мен демікпе аурулары өршиді
Жаһандық жылынудан аллергия мен демікпе аурулары өршиді
3 жыл бұрын 3000 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Осы ғасырдың аяғына таман, мәселен, АҚШ аумағындағы өсімдіктердің бүр жарып, гүлдейтін мерзімі әдеттегіден 40 күн ерте басталып, әдеттегіден қосымша 19 күнге созылады. Егер атмосфераны парникті газбан ластану қарқыны тежелмесе немесе тоқтамаса. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған Nature Communications мерзімді басылымы мен CNBC ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Мұның салдарынан ауадағы шаң-тозаң 40 пайызға артып, аллергия мен астма секілді аурулардың қозуына апарып соқтырады. Ғалымдардың дерегінше, соңғы 30 жылда аллергияның ауыр түрімен ауыратындар қарасы артқан әрі аллергияның қозу мерзімі ұзарған. Адамзат климат дағдарасын тереңдетпей, тиісті шараларды қолға алмаса, 80 жылда ауа температурасы Целсия бойынша 3 градусқа көтеріледі (орташа есеппен алғанда). Ал өсімдіктердің бүр жарып, гүлдеу мерзімі ең аз дегенде 20 күнге созылады.

0 пікір
Мұрағат