Жаһандық жылынудан әлемде қанша адам босқын атанады
Жаһандық жылынудан әлемде қанша адам босқын атанады
5 жыл бұрын 2660 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Біріккен Ұлттар Ұйымының баяндамасында ауа температурасы 2 градусқа (бұл – ең оптимизге құрылған болжам, кей дерек көздерінде ауа температурасы орташа есеппен 3,5 градусқа көтерлуі әбден мүмкін) көтерілген жағдайда теңіздегі су деңгейі көтеріліп, әлемде кем дегенде 280 млн адам босқын атанатыны айтылған. Ең алдымен жағалауларда қоныс тепкен елді-мекендер су астына кетеді. Бұдан бөлек, циклондардың артуына байланысты 2050 жылдан бастап көптеген мегаполистер су астында қалады. Сондай-ақ, 2100 жылы мәңгі мұздақтардың үстіңгі қабаты 99%-ға дейін еріп, нәтижесінде тек әлемдік мұхит деңгейі көтеріліп қоймай, атмосферада көмірқышқыл газының көптеп бөлінуіне алып келмек. Антарктидадағы және Греландиядағы мұздақтар жылына орташа есеппен 430 млрд тонна мұзынан айырылатыны белгілі. 

0 пікір
Мұрағат