Жаһандық жылынудан 5 млн-нан аса адамның үйі су астында қалады
Жаһандық жылынудан 5 млн-нан аса адамның үйі су астында қалады
7 жыл бұрын 3162 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Тіпті, жаһандық жылынудан орын алатын климаттың өзгеруінің алдын алуға бағытталған,2015 жыл қабылданған Париж келісімінде қарастырылған талаптар толық орындалған күннің өзінде әлем бойынша 5 млн-нан аса адамның баспанасы су астында қалады екен. Өйткені, жер бетіндегі ауа температурасы  Цельсия бойынша 1,5−2 градусқа көтеріледі. Бұл жайында Environmental Research Letters мерзімді басылымында айтылған. Бұл жағымсыз құбылыс теңіз жағалауында тұратын елдерге қатысты. Яғни, мұздың еруіне байланысты теңіз деңгейі көтеріледі. Соңғы ғасырда әлемдегі мұхит деңгейі өз деңгейінен 17 сантиметрге көтерілген. Ең алдымен Еуропалық елдер зардап шегеді теңіз деңгейінің көтерілуінен. Ал Африка және Азияның ішкері елдері құрғақшылықтан. Климатологтардың есебі бойынша келесі ғасырдың басында-ақ шамамен 5 млн адамның баспанасы су астында қалмақ. Егер ауа температурасы жылына Цельсия бойынша 1,5−2 градусқа көтерілетін болса. Ең алдымен АҚШ-тың шығыс жағалауы мен Балтық теңізі жағалауындағы елдер зардап шегеді. Бұдан бөлек, Қытайда, Жапонияда және Вьетнамда 46-50 млн адамның өмір сүріп отырған ортасы 2100 жылдары ең қолайсыз тіршілік ету аймағына айналады. Сондықтан аталған әлемнің осы аймақтарындағы елдер осы бастан қам жасауы тиіс.

0 пікір
Мұрағат