Жаһандық жылыну қыш ыдыстарға сұранысты арттыруда
|

Үндістанның барлық аймағында аптап ыстықтың орнауына байланысты қыштан жасалған ыдыстарға сұраныс күрт артқан. Бұл жайында islam.kz порталы Asian News International ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ғасырлар бойы адамзаттың ең қажетті тұрмыстық бұйымына айналған қыш құмыра, құты, т.б. бүгінде қолданылып жүрген шыны немесе темір я болмаса пластик ыдыс-аяққа қарағанда аптап ыстықта суды салқындата алатын қасиетке ие. Үндістан жаһандық жылынудан қатты зардап шегетін аймақтардың біріне жатады. Өткен жылғы аптап ыстықтан 3300-дей адам көз жұмған. Биылдың өзінде көктемнің орта шеніне жетпей аптап ыстықтан төтенше жағдай орын алып отыр: Үндістанның кей аймағында, дәлірегі, Ражастанда ауа температурасы Целсия бойынша 45,6 градусқа жеткен. Осыған байланысты қыш ыдыстар аптап ыстықпен күресудің бірден-бір тиімді құралына айналып отыр тура мағынасында. Жергілікті шеберлердің саудасы жүріп тұр.