Жаһандық халал логистика нарығы 321 млрд доллардан асты
Жаһандық халал логистика нарығы 321 млрд доллардан асты
1 жыл бұрын 1140 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Жаһандық халал логистика нарығы  дамудың даңғыл жолына түскен. Дәлірегі, тұрақты даму үстінде. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде The Halal Times дерек көзіне жөн сілтеген Islam-Today ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Болжам бойынша аталмыш  сектор 2021 жылдан бастап орташа жылдық өсу қарқыны 5,1% деңгейінде болып, 321,2 млрд доллардан 528,2 млрд долларға дейін табыс табады. Бұған бүгінгі таңда әлемдік нарықтың 60%-на ие шариғат талаптарына сай әзірленген өнімдерді сақтау талабы ықпал етіп отыр. Халал тауарларға қойылатын талаптар оның өндірісіне ғана емес, сонымен қатар, талапқа сай сақтау жауапкершілігіне де қатысты. Халал логистика секторының көшбасшылары  қатарынан табылған DB Schenker, Hala Group, HAVI Logistics, Tasco, TIBA Group компанияларының стратегиялық қадамдары  мен жаңашылдығы бұл нарықтың бағытын қалыптастыруда маңызды рөл атқарды.. Бұдан бөлек, халал өнімдерге сұранысты арттыратын мұсылман халықтарының демографиялық факторы да, сондай-ақ, мұсылман еместер тарапынан  шариғат талаптарына сай әзірленген өнімдерге сұраныстың артуы да жаһандық халал логистика нарығының шапшаң дамуына ықпал етуде.

0 пікір
Мұрағат