Жаһан: Ұлыбритания лаңкестермен күреске 57$ млн бөледі (видео)
Жаһан: Ұлыбритания лаңкестермен күреске 57$ млн бөледі (видео)
9 жыл бұрын 2968 24.kz bnews.kz ntv.ru

Ұлыбритания билігі «Боко Харам» лаңкестік тобымен күрес жүргізу үшін Нигерияға 57 млн доллар қаржылай көмек көрсететін болды. Қаржы алдағы 4 жыл ішінде бөлінуі тиіс. Бұл туралы Нигерияда аймақтық қауіпсіздік бойынша өткен саммитте сөз сөйлеген Британияның сыртқы істер министрі жария етті. Филип Хэммондтың айтуынша, қаражаттың бір бөлігі мыңға жуық нигериялық сарбазды арнайы дайындықтан өткізу үшін жаратылмақ.  Филип Хэммонд, Ұлыбританияның сыртқы істер министрі: - «Боко Харам» содырларына «Ирак пен Левант лаңкестік тобы» тарапынан көмек көрсетілуі мүмкін деген қауіп бар. Атышулы екі ұйымның арасында астыртын байланыс бар деген күдік тек Нигерияны ғана емес, өзге аймақтарды да қатерге душар етеді. Негізі «Боко Харам» мүшелері Нигерияның солтүстік-шығысында әрекет етеді. Алайда, бұл ұйым содырлары көршілес Нигер, Чад және Камерунда да шабуыл ұйымдастырудан тайынбайды. 2009 жылдан бері лаңкестердің қолынан аймақтың 13 мыңнан астам тұрғыны мерт болған екен.

Үндістандағы аптаптан жарты мың адам ажал құшты (видео)

Үндістанда 3 аптаның ішінде аптап ыстықтан жарты мың адам ажал құшты. Аптаптан ажал құшқандардың барлығы – оңтүстіктегі Одишье, Теланган мен Андхра-Прадеш штаттарының тұрғындары. Бұл өңірде температура бағаны 47 градусқа жеткен. Ауызсу тапшылығынан 300 миллионан астам адам зардап шегуде. Су қоймаларындағытіршілік көзінің деңгейі 22 пайызға төмендеген. Айта кетейік, былтыр ыстық ауарайынан 2 мыңнан астам үндістандық қаза тапқан еді.

Үндістан құрғақшылықты жою үшін  өзендердің ағысын өзгертпек

Үндістанның су ресурстар жөніндегі министрі Ума Бхарати елдегі ірі өзендердің ағысын құрғақ аудандарға бұруды жоспарлап отыр, деп хабарлайды BBC агенттігі. Үкіметтің есебі бойынша қазір 330 млн үндістандық құрғақшылық зардабын тартып отыр. Mамыр айында елде ауа температурасы 40 градусқа дейін көтерілген. Аталмыш министрліктің жоспарына сай, құрғақ аудандарға жіберілетін су ең ірі өзендер – Брахмапутра мен Гангадан, әрі Гималай тауындағы мұздықтардан алынбақ. Ал экологтар бұл жобаға мүлдем қарсы. Олардың пікірінше, бұл қадам орны толмас экологиялық зардап әкелуі мүмкін. Бұған қоса табиғат жанашырлары үкімет тарапынан су алынатын өзендердің болашағына қатысты тиісті зерттеу жұмыстарының жүргізілмегендігін алға тартты. Экономистер өзендердің ағысын өзгерту шарасы елді шығынға белшесінен батыратынын айтып, дабыл қағуда. Aлайда, Үндістанның Жоғарғы соты үкіметтің бұл жобасын қолдап отыр. Ал су ресурстары жөніндегі министр Ума Бхарати халықтың аталмыш жобаға көп үміт артып отырғандығын баса айтты. «Халық жобаға қолдау білдіруде. Әрі олар басқа жерге қуана-қуана көшуге дайын», - деді министр.

0 пікір
Мұрағат