Жаһан: «Таз ашуын тарақтан алды» (видео)
Жаһан: «Таз ашуын тарақтан алды» (видео)
10 жыл бұрын 5147

Сирияның күрдтер шоғырланған Кобани қаласының тұрғыны (аты-жөні айтылмаған) «таз ашуын тарақтан аладының» керін келтіріп, ИСИМ содырларынан көрген қорлығының өшін қасиетті Құраннан алды. Дәлірегі, ол тапа тал түсте, елдің көзінше қасиетті Құранды жыртып, таптап, күрдтерді кәпір санаған ИСИМ содырларынан өшін осылай алған болды. Артынан бұл видеоны ғаламторға орналастырған екен. Айта кетейік, ИСИМ содырлары күрдтердің үйін жермен-жексен етіп, талай адамын жер жастандырды. Ең сорақасы, ол «Құдай бұл кітапты балаларды қыру үшін жіберді» дегені болды. Оның айтуынша, адамдардың қырылуына дін кінәлі көрінеді.

Видеосын мына сілтемеден көре аласыздар: http://www.islamnews.ru/news-466445.html 

 

Атап ыстықтан қаза тапқандар саны 1300 адамға жетті

Пәкістанның оңтүстігіндегі Синд провинциясында аптап ыстықтан қаза тапқандар саны 1306 адамға жетті. Аптап ыстықтан қаза тапқандар арасында Карачи қаласының тұрғындарының қарасы көп болып шықты – 1214 адам. Адамдардың ыстықтан шыбындай қырылуына шенеуніктер электр қуатын ажыратып тастаған электр энергия компаниясын айыптап отыр. Қаза тапқандар арасында тұрмысы төмен отбасынан шыққандар мен үйсіз-күйсіздердің қарасы көп болып шықты.

0 пікір
Мұрағат