|
Жаһан: Солтүстік Кореяда алты шенеунік ату жазасына кесілді
|
КХДР-да елден жырақта жұмыс істейтін азаматтарға жауапты алты шенеунік ату жазасына кесілген. Бұл туралы ТАСС хабарлайды. Корея ақпарат құралдары таратқан ақпарат бойынша Ким Чен Ын өз қызметін лайықты атқара алмаған алты шенеунікті жазалауды бұйырған. Ату жазасына жалпы саны 200 адам қатысқан. Олардың арасында туыстары, қарапайым азаматтар мен шетте жұмыс жасаушылар бар. Осы жылдың сәуір айында 13 қызметкерден тұратын Солтүстік Кореяның Қытайдағы мейрамханасынан жұмысшылар Оңтүстік Кореяға қашып кеткен еді. Бір айдан соң олардың әрекетін тағы үш қызметкер қайталады. Ресми Пхеньян ол азаматтарды оңтсүтіккореялықтар ұрлап әкетті деп айыптап, отанына қайтаруларын талап етуде.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Қазақстандықтарға шетелде қиын жағдайға тап болған кезде кім көмектеседі
■
Азия елі сумен жұмыс істейтін батарея шығара бастады
■
Ғалымдар обырмен күресу үшін иммундық жасушаны қолдан өсірудің жолын тапты
■
Қытай шөлейттенуге қарсы биотехнологияны қолданады
■
Үндістан мұсылмандар көптеп оқуға түскен үшін медициналық колледжді жауып тастады