|
Жаһан: Қауіпсіздік кеңесі бітімгершілік күштерінің миссиясын ұзартты
|
Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік кеңесі Голан жотасындағы бітімгершілік күштерінің миссиясын ұзартты. Бүкіл әлемдік аталмыш ұйым Израил мен Сирия арасындағы шекарада тұрған бітімгершлік күштерінің әскеріне шабуыл жасалуы мүмкін екенін жоққа шығармайды және соған орай алаңдаушылық білдіріп отыр. Бұл жайында «DW» ақпарат көзі хабар таратты. Нью-Йорк қаласындағы БҰҰ ғимаратында Қауіпсіздік кеңесінің 15 мүшесі де Голан жотасындағы бітімгершілік күштерінің миссиясын ұзартуға бірауыздан дауыс берді. Айта кетейік, 1200 сарбаздан тұратын бұл бітімгершілік күштері Голан жотасында 1973 жылдан бері Сирия мен Израил арасында соғыс отының тұтанбауын қадағалауда.
Израиль одақтас араб елінен іргесін аулақ салуда

Израиль араб елдері арасындағы ең жақын одақтасы болып табылатын Израилмен арадағы шекарада дуал тұрғызуды жоспарлап отыр. Көрші елден заңсыз жолмен келетіндердің және радикалдардың жолын кесу үшін. Ел премьері Биньямин Нетаньяхтың аузынан шыққан бұл мәселеге қатысты ұсыныс дүйсенбі күні Израилдің министрлер кабинетінің ұлттық қауіпсіздік комитеті тарапынан қолдау тауып, арнайы шешім қабылданды. Иорданиямен арадағы шекара дуалы 30 шақырымға созылатын болады. Мұндай дуал Мысырмен арадағы шекарада да тұрғызылып жатыр. Бұл шекара дуалы Иордан өзенінің батыс жағалауынан бастап палестиналықтардың жеріне түкпірлей салынатын болады. Яғни, ресми шекара дуалы 30 шақырым болғанымен биіктігі сегіз метрді құрайтын бұл дуалдың жалпы ұзындығы 700 шақырымға жететін болады. Израил осылайша Палестина жерін біржолата меншіктеп алуды көздеп отыр.
Индонезияда қонақүйге ұшақ құлады: 133 адам қаза тапты
Индонезияның астанасының провинциясы Солтүстік Суматра Меданда Hercules C-130 әскери ұшағы әуеде жарылғаннан кейін қонақүйге құлады. Бұл жайында tengrinews.kz ақпарат көзі хабар таратты. Әуе кемесі Golden Eleve қонақүйіне құлаудан бұрын екі ғимаратты жанап өтті.
Ұшақтың Медан әскери базасынан ұшып шыққаны және Натуна аралына бағыт алғаны анықталды. Қазіргі уақытта 133 адамның қаза болғаны хабарланып отыр. "Соңғы мәліметтерге қарағанда, 133 адам қаза тапты... Қайтыс болғандардың саны өсуі мүмкін", - деп мәлімдеді Индонезияның құтқару қызметінің өкілі Хисара Турнипа. Қазіргі уақытта апат орны өртеніп жатыр, оқиға орнында ондаған арнайы машина бар. Зардап шеккендер Адам Малик атындағы ауруханаға түсіп жатыр.
Ал AFP мәліметінше, полиция алты адамның қаза болғанын растады. "Мәйіттер ұшақ пен ғимараттың қирандыларының арасында. Оларды бір-бірлеп шығарып жатырмыз", - деді Медан қалалық полициясының басшысы.
Ресейге шегірткелер шабуыл жасауда (видео)
Ресейдің бірнеше аймағына шегіртке қаптауда. Зиян шеккен егістік алқабы мыңдаған гектарға жетті. Бұл жайында nur.kz ақпарат көзі хабар таратты.
Жәндіктердің зардабын әсіресе Башкирия мен Оренбург аймақтары тартып отыр. Сондай-ақ Ставрополь мен Шешенстанда да шегірткемн күресте шұғыл шара қолдануға мәжбүр.
Алқаптарды шегірткеден тазарту жұмыстарына авиация күші тартылған деп хабарлайды 1tv.ru.


