ЖаҺан: Нигерия әскері 5 мың адамды лаңкестерден босатты (видео)
ЖаҺан: Нигерия әскері 5 мың адамды лаңкестерден босатты (видео)
9 жыл бұрын 2602 24.kz aif.ru ria.ru

Нигерияның қарулы күштері елдің солтүстік-шығысындағы содырлардың кепілінде болған 5 мың адамды босатты. Үкімет өкілдерінің мәлімдеуінше, әскер Борно штатындағы қимылдар кезінде бірнеше елді мекеннен экстремистерді ығыстырып, шегінуге мәжбүрлеген. Бұл аймақ «Боко Харам» тобының билігінде болатын. Халық саны жағынан Африкадағы ең ірі ел Нигерияда мұсылмандар мен христиандар аралас тұрады. «Боко Харам» – елде өз тәртібін енгізуді мақсат еткен лаңкестік ұйым. Жалпы оның атауы «батыстық білім – харам» деген мағынаны білдіреді. Соңғы уақытта ел билігі осы ұйымға қарсы күресті күшейткен. Лаңкестермен соғысқа Чад, Камерун, Нигер мен өзге де көрші мемлекеттердің әскерилері жұмылдырылған.

Әл-Фаллуджа содырлардан толықтай азат етілді (видео)

Ирак қолбасшылығы Әл-Фаллуджаның толығымен содырлардан азат етілгенін жария етті. Әскерилер «Ирак пен Левант лаңкестік тобының» мүшелері бекінген қаладағы соңғы ауданда өз бақылауын орнатқан. Енді онда миналарды залалсыздандыру жұмыстары басталмақ. Айта кетейік, шаһар 2014 жылы лаңкестердің уысына өткен болатын. Араға 2 жыл салып, 23 мамырда үкімет жасағы Әл-Фаллуджа үшін шайқас бастады. Ирак астанасына жақын болғандықтан, оның стратегиялық маңызы зор. Өйткені, содырлар қаланы осы күнге дейін Бағдатқа жасалатын шабуылдар үшін плацдарм ретінде пайдаланып келді.

 

0 пікір
Мұрағат