Жаһан жаңалықтары: ОББ-дан «әл-Каидаға» немесе керісінше
Жаһан жаңалықтары: ОББ-дан «әл-Каидаға» немесе керісінше
10 жыл бұрын 3479

 

Бұқаралық ақпарат құралдарында «әл-Каида» экстремистік тобының сеніміне кірген америкалық арнайы қызметтің жансызы жайында хабар таратды. Том Дэниел – экстремистік ұйымдармен жұмыс істейді. Ол құпия қызмет экстремистік ортада Әбу әл-Лива ас-Сури есімімен де танымал. Оған Тайсира Жаудат Әбдіһади атымен ливандық төлқұжат берілген. Ел аузында жүрген сөзге қарағанда ол Таяу Шығыста «кәпірлерге» қарсы күрес жүргізуу үшін Атлаант мұхитының арғы жағындағы Мексикадан келіп, ливандық атанған. «Рафидит-шиттердің» ымырасыз қас жауы ретінде аты шықты. Оған шииттердің құндылықтарын жоюға қатысты талай тапсырма жүктелген болатын. Болашақ дала командирі ретінде ол «мождаһеттерді» Ирактағы америкалықтардың әскери базасына аттандырып отырған. Ол көп ұзамай «әл-Каида» жетекшісі Әбу Масаба әз-Зәркауидің және осы ұйымның имамдарымен тіл табысып, олардың сеніміне кіреді. Оған Әбу Масаба әз-Зәркауидің және оның оң қолы Әбу Аюб әл-Мисридің көзін жоюға тапсырма беріледі. Ирактағы америкалықтардың әскери жорығы аяқталғаннан кейін ол еліне оралып, өз ғұмырбаянын жазып шығады.

 

Түркия Қырымға Құранның 6 000 данасын тарту етті

Қырымның мұсылмандары діни басқармасына Түркиядан қасиетті Құранның 6000 данасы тарту етілді. Исі мұсылманның қасиетті кітаптарын Түркияда тұрып жатқан қырымдық татарлар мен түріктердің қайырымдылық қорлары жинаған. Адамзатқа жіберілген иләһи кітапты жинау науқанына Сейдишеһир қаласындағы қырымдық татарлардың өзара көмек көрсету және мәдениет қоғамы ұйытқы болды. Қасиетті Құранның даналары аталмыш түбектің медреселері мен мешіттеріне таратылады.

 

Англия имамы экстремизм мен фанатизмге жиһад жариялады

Ислам діні жайындағы көрмені тамашалау үшін 4 күннің ішінде Хаунслоу елді-мекеніндегі «Жәмия» мешітіне 1200-ден аса адам бас сұққан. Мұсылмандардың аталмыш құлшылық үйі мен жергілікті ислам орталығы және HAAYA жастар қайырымдылық ұйымы, сондай-ақ, ислами ағарту қоғамы бірігіп, ашық есік күндерін өткізді. Қоғам мүшелері, мектеп оқушылары, өзге наным-сенім өкілдері мешітке бас сұғып, ислам діні жайында азды-көпті мағлұмат алды. Көрмеде ислам әлемінің ғылым мен өнерге қосқан үлесі болып табылатын жәдігерлер жұртшылықтың назарына ұсынылды. Аталмыш шара қоғамда қалыптасқан ислам діні жайындағы жаңсақ ұғымдар мен қате көзқарастарға тойтарыс беру мақсатында өткізілді. Осы шараға арнайы келген ислам ғалымдары мен дін қайраткерлері келгендердің сауалдарына жауап берумен болды. Аталмыш мешіттің бас имамы Шафик Реһман (Shafiq Rehman) осынау игі шараны ұйымдастырудағы рөлі жоғары болды. 

 

Тунисте мұражайға шабуыл жасаған лаңкестер жетекшісінің көзі жойылды

Тунис астанасындағы «Бардо» мұражайына шабуыл жасаған «Обка ибн Нафаа» деп аталатын лаңкестер тобының жетекшісінің көзі жойылды. Agence France-Presse ақпарат көзінің хабарлауынша, бұл жайында осы елдің премьер-министрі Хабиб әс-Сидтің мәлім етті. Ал Тунис ішкі істер министрлігі өткен аптаның соңғы күнінде, яғни, сенбіде аталмыш лаңкестік тобының тоғыз содырының көзі жойылғанын хабарлады. Олардың көзін жою операциясы Гафса провинциясындағы Сиди-Аиш таулы жерде жүзеге асырылған. Ал Reuters ақпарат ресурсының хабарына қарағанда, ел астанасында жексенбі күні он мыңдаған адам көшеге шығып, лаңкестік топтармен күрес жүргізіп жатқан ел билігіне қолдау білдірген. Үстіміздегі жылдың наурыз айының 8-і күні әскери киім киген лаңкестер Тунис парламентінің ғимаратында атыс ұйымдастырған. Содан соң олар сол маңдағы мұражайға баса-көктеп кіріп, кепілдікке адам алған. Нәтижесінде 20-дан аса адам қаза қапқан. Олардың дені – туристер. Сол күні екі лаңкестің көзі жойылған.

 

Шеруге қатысқандардан 800 адам тағамнан уланды

Камбоджада балалар еңбегін пайдалануға және қанауға қарсы өткен шеруде бутерброд жеген 800 адам уланып қалды. 120-дан аса адам ауруханаға жатқызылды. Бұл жайында The Cambodia Daily ақпарат көзі хабар таратты. Қалғандарына медициналық көмек көрсетілегеннен кейін үйлеріне қайтарылды. Аталмыш шеруді World Vision үкіметтік емес ұйым ұйымдастырған. Тағамнан уланып қалғандар қалтырап, іштері ауырған, жүректері айныған, лоқсыған көрінеді. Бутербродты жергілікті жастар ұйымының дайындағаны анықталды. Бутербродтың құрамында көкөніс пен доңыз еті болған. Бұл тағам сараптамаға жіберілді. Будерборд дайындалған нан пісіретін наубайхана уақытша жабылды. Алайда, көп уақыт өтпей наубайхана өз жұмысын қайта жалғастырған. Өйткені, адамдардың улануына нанның қатысы болмай шыққан. World Vision өкілдерінің айтуынша, бутербордта пайдаланылған пестицидпен тыңайтылған қияр жуылмаған.

 

Британияда алғашқы мұсылмандар радиосы лицензия алды

Британияның бұқаралық ақпарат құралдарын қадағалайтын құзыретті орган бірқатар радио тораптарына хабар жүргізуге рұқсат беретін құжат тапсырды. Солардың арасында осы елдегі алғашқы ұлттық мұсылмандар радиосы да бар. Аталмыш радио толқынынан шығыстың ән-күйлері беріліп, дінге қатысты өзекті мәселелер көтерілетін болады. Бұл жайында Islam-today ақпарат көзі хабар таратты.

0 пікір
Мұрағат