Жаһан: Еуропадағы мұсылмандар саны 44 млн-ға жетті
Жаһан: Еуропадағы мұсылмандар саны 44 млн-ға жетті
10 жыл бұрын 3353

«Pew» орталығының дерегіне қарағанда, кәрі құрлықтағы мұсылмандар саны 44 млн-ға жеткен. Еуропа одағынан тысқары елдердегі мұсылмандар қарасы 19 мл-ды құраған. Еуропа бойынша мұсылмандар ең көп шоғырланған мемлекет – Ресей Федерациясы. Бұл елде 14 млн мұсылман өмір сүріп жатыр. Яғни, халықтың 10 пайызын мұсылмандар құрап отыр. Бұл жайында «Islam-today» ақпарат көзі хабар таратты. Ал ЕО бойынша Франция мен Германияда мұсылмандар қарасы көп болып шықты. Ал Ұлыбританияда мұсылмандар саны – шамамен 2,9 млн. Франциядағы мұсылмандар саны халықтың 7,5%-ын құрап отыр. Бұл көрсеткіш 2030 жылға қарай 10%-дан асуы мүмкін. ЕО-дағы өзге қалаларға қарағанда мұсылмандар Париж мегаполисінің маңында көп шоғырланған – 1,7 млн. 

 

Түрмеге отырғызу жасы кішірейтілді

Израил билігі палестиналық жеткіншектерді бұрынғыдай 14 жастан емес, 12 жастан бастап түрмеге отырғызуды көздейтін заң жобасын мақұлдады. Құқық қорғау ұйымдарының наразылығына қарамастан аталмыш заң жобасы қабылданып кетті. Бұл жайында «Al Jazeera» ақпарат көзі хабар таратты.

0 пікір
Мұрағат