|
Жаһан: Балаларды тоғыз жасынан бастап, террористер тізіміне енгізе бастады
|
Голланд барлаушыларының мәліметіне қарағанда, ИСИМ бақылауындағы аумақта ата-анасымен бірге тұрып жатқан балалар содырлар лагерінде арнайы жаттығудан өтуде. Яғни, оларды суық қаруды ұстап пайдалануға, атуға, кісі өлтіруге үйретіп жатыр. Осыған байланысты Нидерланды балаларды тоғыз жасынан бастап, лаңкестер тізімен енгізе бастаған. Бұл жайында аталған елдің қауіпсіздігіне жауапты әрі барлау қызметінің адамдары хабарлады. Барлаушылардың айтуынша, осыдан кейін балалар тоғыз жасынан бастап, террористік ұйымның жетекшілеріне адал болуға серт беретін көрінеді. Солт себепті, елге қайтып оралар болса, бұл балалар ел тыныштығына қауіп төндіруі мүмкін.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Cаудия барлық шетелдік инвесторға капитал нарығын ашады
■
Әлемдегі алғашқы су тұшшыландыратын суасты қондырғысының ең басты артықшылығы неде?
■
Мұсылман елі Илон Масктың әлеуметтік желісіне тыйым салады
■
Цифрлы дәуір Марокконың діни қайраткерлерін қайта қалыптастыруда
■
Қытайда чат-боттарға эмоциясын білдіруге тыйым салады