Жаһан: Ауласына мешіт тұрғызды
Жаһан: Ауласына мешіт тұрғызды
9 жыл бұрын 2709

Башқұртстанның Игли ауданының Федай Абраров есімді тұрғыны қажылыққа барып келгеннен кейін үйінің дәл жанынан, яғни, ауласында шағын мешіт тұрғызды. Оны тұрғызуға үш апта кетті. Туыстары қолғабыс етті.

 

Франциядан ежелгі мұсылмандардың қабірі табылды 

Археологтар  Францияның оңтүстігінен ежелгі мұсылмандардың қабірін тапты. Жер қазып, көне замандардың мәдениетін зерттейтін ғалымдардың топшылауынша, мұсылмандардың бұл қабірі кәрі құрылықтағы ең ежелгісі болып табылады. Нақтырақ айтқанда, шамамен 7-9 ғасырлар аралығында жерленген адам сүйектерінің бас жағы құбылаға қаратылған. ДНК анализі көрсеткендей, бұл сүйектер Африканың солтүстігін мекен еткен адамдардікі болып шықты. Бұл жайында «The Guardian» ақпарат көзі хабар таратты. Табылған қабірде жатқандардың бірі 20-лар шамасында, екіншісі 30-дар шамасында қаза тапқан, ал үшіншісі елуді еңсерген адамның сүйегі. Олардың сүйектерінен қандай да бір жарақаттың ізі байқалмаған. Сөйтсе де, олар Еуропаға әскери жорық кезінде қаза тапқан деген болжам айтылуда. «Біз мұсылмандардың 8-ші ғасырда Францияда болғанын білеміз, алайда, олардың болғанын растайтын нақты дәлел жоқ еді»,- деді ұлттық археологиялық зерттеу институтының антропологы Ив Глеиз.

0 пікір
Мұрағат