|
Жаһан: 35 мың мексикалық тұрғылықты жерін тастап көшуге мәжбүр (видео)
|
Соңғы екі жылда мексикалық 35 мың азамат тұрғылықты жерін лажсыз тастап, бас сауғалап көшуге мәжбүр болған. Олардың мұндай халге түсуіне аймақтағы қылмыстық топтардың көбейіп, зорлық-зомбылықтың артуы себеп. Бұл туралы елдегі Адам құқығын қорғау ұлттық комиссиясының басшысы мәлімдеді. Зерттеу жүргізілген 27 аудан мен бірнеше штатта қылмыстық жағдай мүлдем ушығып кеткен. Сондықтан үкімет осы мәселені ресми түрде мойындап, оған тосқауыл қоятын нақты шара қолдануы тиіс. Халықаралық тәуелсіз Бейбітшілік пен экономика институтының мәліметінше, 2015 жылы зорлық-зомбылық салдарынан ел экономикасына 120 миллиард доллар шығын келген. Бұл көрсеткіш Мексиканың ұлттық ішкі жалпы өнімінің 13 пайызына тең.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Әлемдегі алғашқы су тұшшыландыратын суасты қондырғысының ең басты артықшылығы неде?
■
Cаудия барлық шетелдік инвесторға капитал нарығын ашады
■
Мұсылман елі Илон Масктың әлеуметтік желісіне тыйым салады
■
Цифрлы дәуір Марокконың діни қайраткерлерін қайта қалыптастыруда
■
Қытайда чат-боттарға эмоциясын білдіруге тыйым салады