Жағалауға жете алмаған балықшы 66 күнін ашық теңізде өткізген
Жағалауға жете алмаған балықшы 66 күнін ашық теңізде өткізген
10 жыл бұрын 2921

АҚШ-та екі айдан астам уақытын ашық теңізде өткізген балықшы құтқарылды. Бұл жайында CBS телеарнасы хабар таратты. Қайығының моторы істен шыққан 37 жастағы Луис Жордан (Louis Jordan) үстіміздегі жылдың қаңтар айының 23-і күні жоғалған, яғни, хабар-ошарсыз кеткен болатын. АҚШ-тың жағалау күзетінің қызметкерлері балықшыны іздестіреді. Жағалау күзетшілері Майамиден бастап Нью-Джерсидің тиісті орындарына дейін байланысқа шыққанымен бұл әрекеттерінен нәтиже болмаған. Кеше, яғни, сәуірдің 2-і күні немістердің контейнер тиелген Houston Express кемесінің теңізшілері балықшыны байқап қалған екен. Дәлірегі, ол Солтүстік Каролина штатына қарасты Гаттерастан 320 шақырым қашықтықтан табылған. Балықшы осы уақытқа дейін балық аулап, жауын суымен аман қалғанын жеткізді. Дәрігерлердің сөзіне қарағанда, екі айдан астам уақыт хабар-ошарсыз кеткен оның денсаулығы бір қалыпты.

0 пікір
Мұрағат