"Жабайы" тайпа өкілдерінің денсаулығы мықты болып шықты "өркениетті" өмір сүретіндерге қарағанда
"Жабайы" тайпа өкілдерінің денсаулығы мықты болып шықты "өркениетті" өмір сүретіндерге қарағанда
5 жыл бұрын 5836 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Homo Sedens деп аталатын интернет жобасы Африка құрлығындағы Хадза тайпасы өкілдерінің денсаулығы мен қала тұрғындары денсаулығының арасындағы айырмашылықты талдады. Өркениет игілігіне ие қала тұрғындарына қарағанда тазалық талаптары сақтала бермейтін тайпа адамдарының денсаулығы әлдеқайда мықты болып шыққан. Біз сөз етіп отырған Хадза тайпасы Танзания аумағында өмір сүреді. Аталған тайпаның ер-азаматтары мен жасөспірімдері, жігіттері аң ауласа, әйелдер жұрағаты жиын-терінмен, ас әзірлеумен таң атырып, кеш батырады. Олар шыбықтан өрілген, шөппен және жапырақпен көмкерілген күркелерде тұрады. Жалаңаяқ жүреді. Ішіп-жейтін тағамдары әдетте алма, бал, ет, баобаба дәнегі, т.б. тұрады. Олар ұдайы қозғалысты: бір орнында отырмайды. Холестерин деңгейі төмен, қан қысымы қалыпты, шымыр келеді әрі көру және есту қабілеті жақсы. Бұл тайпа адамдары жүректің қандай да бір ауруынан хабарсыз. 

0 пікір
Мұрағат