Израилдің палестиналықтарға қарсы агрессиялық әрекетінің астарында не жатыр
Израилдің палестиналықтарға қарсы агрессиялық әрекетінің астарында не жатыр
5 жыл бұрын 2851 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Израил тақыр жерден тау тұрғыза білген, Таяу Шығыстағы экономикасы мен технологиясы, медицинасы мен мәдениеті өркендеген ел бола тұра араб әлемімен дүрдараз болып, палестиналықтарды шетқақпай етіп, ығыстыру арқылы Таяу Шығыстағы саяси ахуалдың тұрақтылығына қауіп төндіріп тұрған мемлекет. Бұған Израилдің еңсерілуі қиын қиындықпен бетпе-бет келіп отырғаны себеп болуда. Палестиналықтармен арадағы жанжалға да, олардың үйін әлемдік қауымдастықтың наразылығына қарамай, халықаралық нормаларды белден басып, сүріп тастауының астарында Израил халқы санының өсуі түрткі болып отыр. Бүгінгі таңда Израил аумағында 9 млн адам тұрады. Енді бір бес жылдан соң Израил тұрғындарының қарасы 10 млн адамға жетеді. Осыған байланысты жер тапшылығы мен әлеуметтік мекемелердің қызметіне сұраныс артады. 2048 жылы халқының саны 15 млн адамға жететін Израил бүгінгі таңда әлемдегі халқы ең тығыз орналасқан елдер қатарында. Бұл елде бір әйел орташа есеппен алғанда 3,1 бала көтереді. Біріккен Ұлттар Ұйымының келтірген мәліметіне қарағанда, Израилдегі халықтың тығыздығы: бір шаршы шақырымға 405 адамнан келеді, бұл көрсеткіш бойынша аталған ел 30-шы орында тұр. Орталық статистикалық бюра дерегін қаперге алсақ, 2059 жылы бұл көрсеткіш екі есеге артады. Яғни, бір шаршы шақырымға 810-815 адамнан "айналмақ". Қазірдің өзінде аталған елдің денсаулық сақтау жүйесі әлемге үлгі болып отырғанына қарамастан, 1000 адамға шаққанда 2,3 емхана төсегі келеді екен. Мұның бәрі өз кезегінде аталған елдің бюджетіне салмақ салып отыр. Бұдан бөлек, өсе түскен халықтың әлеуметтік қажеттілігін өтеу үшін жыл сайын мектеп пен емхана секілді әлеуметтік нысандар инфрақұрылымына орасан зор қаржы бөліп отыр. Соңғы 40 жылда халқының саны 2,5 есе көбейген. Осыған қарап, палестиналықтармен арадағы жанжалдың басылатынына, талас-тартыстың толастайтынына сене алмайсың. 

0 пікір
Мұрағат