Израилдің бас раввині әйелдер ән салғанда не істеу керектігін айтты
Израилдің бас раввині әйелдер ән салғанда не істеу керектігін айтты
7 жыл бұрын 3471 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Діндар иудейлерді әйелдер салған әнді тыңдауға мәжбүрлеген жағдайда төңіректе болып жатқан оқиғада шаруасы жоғын көрсетіп, ел көзінше кітап оқуға кеңес берді. Бұл жайында Израилдің бас сефардтік раввині Ицхак Йосеф кезекті дәрістерінің бірінде мәлімдеген. Бұл турасында Newsru.co.il порталы «Кикар Шаббат» ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып, хабар таратты. Белгілі болғандай, дәстүрлі иуда құқығы (галаха) ер-азаматтарға әйелдердің әнін тыңдауға тыйым салады. Әйелдің даусы еліктірер болса, күнәға батырады деген қауіппен. Осы ооайда раввин өз өмірінен өнеге келтіре кеткенін де айта кету керек: "Мен әнші де шақырылған жерде болдым. Мен не істедім? Мен шағын кітапты қолыма алып, көзілдірігімді тағып, кітапты көз алдыма тақадым бәрінің көзінше. Осылайша, үкімет басшысы да, президент те менің ән тыңдап отырмағанымды, кітапқа бас қойғанымды көрсін дедім",- деді ол. Осылай дей келе ол сарбаздарды әйелдер әнін тыңдауға мәжбүрлегенде өзінің істегеніндей істеуге шақырды. 

0 пікір
Мұрағат