|
Израилдіктер биыл жарты жыл ішінде 740-қа тарта палестиналықтың үйін сүріп тастады
|
Израилдік билік өздері жаулап алған Иордан өзенінің батыс жағалауында биыл алты ай ішінде 740-қа тарта (олардың 384-і балалар) палестиналықты баспанасынан айырған. Еврейлердің «B'Tselem» деп аталатын құқық қорғау ұйымы келтірген мәліметке қарағанда, С аймағында қаңтар айының 1-нен маусымның 30-на дейінгі аралықта 168 үйін сүріп тастаған. Бұл көрсеткіш тұтастай алғандағы өткен жылғыдан көп. Айта кетейік, С аймағы Иордан өзенінің батыс жағалауының 60%-ға жуығын құрайды. Бұл аумақта шамамен 300 000 палестиналық тұратын. Израил палестиналықтарды осылайша ығыстырып, еврей келімсектерінің қонысын кеңейтуді көздеп отыр.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Ғалымдар жарық жылдамдығын таспаға тартып алудың орайын тапты (видео)
■
Ширек ғасырда адамзаттың 80%-ы су тапшылығын тартады
■
Мұсылман елінің тұтас бір провинциясы ауыл шаруашылығын жүргізуде гидропонды технологияға көшеді
■
Cингапур алаяқтарға дүре соғу жазасын заңдастырды және мұндай жаза қай елдерде бар
■
Түркі елі түрме инфрақұрылымын дамытып жатыр