Израилдік дәрігерлердің араб балаларына жасаған тәжірибесі әшкере болды
Израилдік дәрігерлердің араб балаларына жасаған тәжірибесі әшкере болды
8 жыл бұрын 6771 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Израилде араб елдерінен хабар-ошарсыз жоғалған балаларға медициналық тәжірибе жүргізген еврей дәрігерлерінің әрекеті әшкере болды. Тарқатып айтқанда, дәрігерлер қылмысын мойындаған соң бұқаралық ақпарат құралдарында осы сұмдыққа қатысты арнайы комиссияның жиыны өткені хабарланды. Израил парламенті - Кнессетаның арнайы комиссиясы Йеменнен, Таяу Шығыс пен Балқан түбегінен жоғалған балаларға қатысты осыдан 20 жыл бұрынғы иммигрант балаларға жүргізілген медициналық аса қауіпті тәжірибемен байланысты айғақтарды қарастырды. Бұл жайында Al Arabiya ақпарат көзі хабар таратты. 1996-1997 жылдар аралығындағы мәліметтер талқыға салынды. Йемендік иммигранттардан 1000-на аса баланың тағдыры әлі күнге туған-туыстарына белгісіз күйінде қалып келген. Кейін белгілі болғандай, дәлірегі, балалардың мәйіті тексері үшін сойылғанда анықталғандай, оларға израилдік дәрігерлер туған-туыстарына білдіртпей тәжірибе жүргізген. БАҚ-та жарияланған фото-суреттерден балалардың денесін ішкі ағза орналасқан тұсты пломастермен сызғаны, иврит тілінде жазба қалдырғаны белгілі болды. 

0 пікір
Мұрағат