Израилдік Cellebrite компаниясы Ресей мен Белоруссияның арнайы жасағына көмек көрсетуден бас тартты
Израилдік Cellebrite компаниясы Ресей мен Белоруссияның арнайы жасағына көмек көрсетуден бас тартты
4 жыл бұрын 2416 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Израилдің Cellebrite компаниясы өз өнімдерін Ресей мен Белоруссияға сатудан бас тартты – аталған автократиялық елдер саяси репрессияда пайдалануы мүмкін деген сыннан соң осындай шешім қабылдады. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде аталмыш компанияның бас директоры Йосси Кармилдің бұл мәлімдемесіне жөн сілтеген prnewswire.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Cellebrite мемлекеттік және жекеменшік секторларға арналған цифрлы зерде (DI) шешімі саласында әлем бойынша көш бастаған лидер компания. Оның қызметін әлемнің 140-тан аса елі пайдаланады. Өздерінің технологиясын Ресей мен Белоруссияға сатудан неліктен бас тартқанын аталмыш компания жетекшісі былай түсіндірді: Cellebrite өнімдері құқық қорғаушы органдар мен кәсіпорындарға адамзат қауымдастығының қауіпсіздігін лайықты деңгейде қамтамасыз етуге арналған. Яғни, заңды жолмен қылмыстық істерді тексеру-тергеу кезінде цифрлы дәлел алуға көмектесетін технологияны саяси қарсыласымен есеп айырысу, кек қайтару, қуғын-сүргінге ұшырату үшін пайдалануға қарсы. Осылай деген ол өздерінің стандартты бизнес операцияларында халықаралық ережелер мен құқықтарды басшылыққа ала отырып, компания саясатын жаңғыртып отыратындарын жеткізді. Яғни, өз өнімдерін кімдерге сатуға болатынын немесе болмайтынын қарастырып отырады.

0 пікір
Мұрағат