Израиль тыңшысы Сауд Арабиясының арнайы қызметіне қалай кіріп кеткен?
|
Израилдің барлау қызметінде аттай отыз жыл жұмыс істеген Шмуэль Бар халықаралық терроризмнің жықпыл-жықпылын біледі. Оның білмейтіні жер астында. Ол жанкештілермен арадағы хаттарды, келіссөздерді салғастырудың, талдаудың майталманы маманы. Қазіргі тілмен айтқанда, халықаралық терроризм герменевтикасының семантикасын игерген. Ол Моссадтағы (Израилдің арнайы қызметі) қызметін Сауд арабиясында жалғастыруда. Қалай? Мемлекетке келісім-шарт бойынша қызмет көрсететін жоғары технологиялы фирманың негізін қалаған 62 жастағы израилдік тыңшы осыдан екі жыл бұрын өзінің электронды поштасына Сауд Арабиясының билігінен хат келіп түскенін көреді. Өзіне жолданған хатта Сауд Арабиясында жұмыс істеуге ұсыныс айтылған. Тыңшының біліктілігі мен технологиясы халықаралық терроризммен күресте тиімділігімен танылғандығын ескергендерін жеткізген. Шмуэль Бар Сауд Арабиясында жұмыс істеуі үшін өзінің кім екенін жасыруы тиіс, ол үшін аталған ел аумағында жалған фирма ашуы тиіс болды. Бұл жайында "IslamNews" порталы "Bloomberg" ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып, хабар таратты.