|
Израил сарбаздарының қылмысы әшкере болып қалды (ВИДЕО)
|
Израилдіктер жаулап алған Иордан өзенінің батыс жағалауында орын тепкен Хеврон қаласының көшелерінде тәртіпті қадағалайтын күштік құрылым қызметкерлері өздері қылмысқа барды. Нақтырақ айтқанда, аталған қалада электроника заттарын сататын палестиналықтың дүкеніне «арнайы операцияны», яғни, тексеруді желеу етіп, баса-көктеп кірген олар өздеріне ұнаған тауарды ақысын төлемей алып кеткен. Дүкен қожайыны олардың бұл әрекетін жасырын камерамен таспаға тартып алып, артынан ғаламторға салған және Израилдің қорғаныс әскеріне жіберген. Тек осыдан кейін ғана күштік құрылым қызметкерлері алған заттарын иесіне қайтырған.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Жапонияда автокөлік енді автотұрағы бар адамдарға ғана сатылады
■
Мұсылман елі вейпке толық тыйым салмақ
■
Ұшатын көлікті енді қарапайым адамдар да сатып ала алады
■
Қазақстанда ислами инвестициялық АІ агенті пайда болады
■
Өсімдік ақуызы артық салмақпен күресуге көмектесіп қоймай, қартаю процесін тежейді