Израиль радикалдары Палестинадағы мешітті өртеп жіберді
Израиль радикалдары Палестинадағы мешітті өртеп жіберді
10 жыл бұрын 3060

Кеше, яғни, қараша айының 12-і күні еврей келімсектері жаулап алынған, жат қолындағы Иордан өзенінің батыс жағалауындағы палестиналықтардың Рамалла қаласының солтүстік-шығыс провинциясындағы мешітті өртеп жіберді. Мугхаир елді-мекенінде орын тепкен мұсылмандардың құлшылық үйі таң намазының алдында отқа оранған. Таң наамазын оқуға келген мұсылмандар өртті өз күштерімен сөндірмек болып жанталасқанымен қайран болмады. Өрт сөндірушілер келіп жеткенше мешіттің астыңғы қабаты түгел жанып кетті әрі жалын тілі үстіңгі қабатын да шарпыған. Мешітке израилдік радикалдардың от қойғанына ешкім күмән келтірмеді. Өйткені, мешіттің қабырғасында палестиналықтарға қарсы өшпенділікке толы жазу ілініп тұрған еді. Мугхаир елді-мекеніндегі мешіттің шабуылға ұшырағаны бір бұл емес. Израилдік полиция кінәлілерді іздестірген түр көрсеткенімен қылмыскерлердің бірде-бірін «тапқан» жоқ.

0 пікір
Мұрағат